ISO 20022
Бұл – қаржы саласындағы ұйымдар арасында электрондық хабарлама алмасу халықаралық стандарты. ISO 20022 стандарты Қазақстанда 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап әрекет етеді.
Не өзгереді?
Енді төлем жасау үшін көп дерек көрсетудің қажеті жоқ:
Деректер ақша жіберушімен және бенефициармен сәйкес келсе, нақты төлеуші мен нақты алушыны көрсетпеуге болады
ISO стандарты төлемді нақтырақ және ашығырақ жасайды. Сондықтан халықаралық талаптарға ертерек дайындалған жөн
Нақты төлеуші мен ақша жіберушінің айырмашылығы неде?
Төлеушінің банк шоты болуы шарт емес, ал ақша жіберушінің шоты болуы керек. Ақша жіберуші осы шоттан аударма жасайды.
Мысалы: ұйым жұмыскерден алимент ұстап қалады. Мұндай жағдайда ұйым – ақша жіберуші, ал жұмыскер – нақты төлеуші.
Маңызды ақпарат